Title: Қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық жанр тарихы
Abstract:Аңдатпа. Мақалада қазақ әдебиетіне баса назар аудара отырып, көркем әдебиеттегі эпистолярлық жанрдың генезисі, қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Әлемдік әдебиеттану мен қазақ әдебиеттану ғылымындағы...Аңдатпа. Мақалада қазақ әдебиетіне баса назар аудара отырып, көркем әдебиеттегі эпистолярлық жанрдың генезисі, қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Әлемдік әдебиеттану мен қазақ әдебиеттану ғылымындағы эпистолярлық жанр және оның көркем шығармаларда қолданылу мәселелері қарастырылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Әдебиеттану ғылымында аз зерттелген тақырып ретінде эпистолярлық әдебиеттің генезисі мен даму үдерісі жан-жақты талданады. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі хаттардың өзіндік ерекшеліктері бақыланады. Эпистолярлық жанрдың көркем мәтін аясындағы қолданылу ерекшеліктері мен қызметтерін талдау арқылы олардың қызметтік қырлары анықталады. 
 Эпистолярлық жанр – әдеби шығарма жанрларының бірі. Шын мәнінде бұл адресатқа белгілі бір ақпарат туралы хабарлайтын хат түрінде орындалатын мәтін. Бұл жанр адресатқа бағытталған өте ерекше сөйлеу мәнерімен дараланады. Кейбір жағдайларда адресат жалған болуы мүмкін, бірақ ол әрқашан болады. Эпистолярлық жанрдағы шығармаларды әртүрлі күнделіктерден, мемуарлар мен жазбалардан ерекшелендіретін – адресаттың болуы. Адресат бір, екі адам немесе қауым болуы мүмкін. Көркем әдебиетте бұл жанрды қолдану авторға кейіпкерлердің ең эмоционалды және қызықты бастан кешкендерін жеткізуге, кейіпкерлерін шынайы ашуға және оқырманмен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
 Эпистолярлық әдебиеттің ең алғашқы үлгілері Еуропада пайда болды. Бұл жанрда әсіресе француздар табысты болды. Олардың стилі шынайылығымен және өте қарапайымдылығымен ерекшеленді. Қарастырылып отырған жанр антикалық дәуірде пайда болған. Бастапқыда оның көркем әдебиетке еш қатысы жоқ, маңызды ақпаратпен қарапайым алмасу жолы есебінде қолданылды. Уақыт өте келе жанрдың мүмкіндіктері көбейіп, онда публицистика мен дидактиканың элементтері барған сайын айқын көріне бастады. Дәл осы ерекшеліктер ежелгі эпистолографияның ең көне үлгілерінде – Платон мен Аристотельдің хаттарында көрінеді. Оларда мораль мен мемлекеттік басқару әдістері туралы құнды философиялық ойлар қамтылды. Көркем әдебиеттегі эпистолярлық роман, эпистолярлық повесть, хат өлеңдер сынды жанрлардың пайда болауына күнделікті тұрмыстық хаттар себеп болды.
 Эпистолярлық жанр, әсіресе ХІХ ғасыр шығармаларына тән болды. Бұл кезеңде хаттар тек ақпаратты беру құралы ғана емес, сонымен қатар, кейіпкерлерді сипаттау тәсілі ретінде де қызмет етті. Тек хаттарда ғана олардың асқақ ойлары мен талпыныстары айтылып, кейіпкерлер шынайы сипатталады.
 Ұсынылып отырған зерттеуде эпистолярлық жанрдың қазақ әдебиетінде көрініс табуы мен қолданылу ерекшеліктері, даму эволюциясы кезең-кезеңмен сараланады. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттелу деңгейі қарастырылады.
 Түйін сөздер: хат, эпистолярлық жанр, эпистолярлық стиль, эпистолярлық роман, хат өлеңдер, жазба айтыс.Read More
Title: $Қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық жанр тарихы
Abstract: Аңдатпа. Мақалада қазақ әдебиетіне баса назар аудара отырып, көркем әдебиеттегі эпистолярлық жанрдың генезисі, қалыптасуы мен дамуы қарастырылады. Әлемдік әдебиеттану мен қазақ әдебиеттану ғылымындағы эпистолярлық жанр және оның көркем шығармаларда қолданылу мәселелері қарастырылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Әдебиеттану ғылымында аз зерттелген тақырып ретінде эпистолярлық әдебиеттің генезисі мен даму үдерісі жан-жақты талданады. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі хаттардың өзіндік ерекшеліктері бақыланады. Эпистолярлық жанрдың көркем мәтін аясындағы қолданылу ерекшеліктері мен қызметтерін талдау арқылы олардың қызметтік қырлары анықталады. 
 Эпистолярлық жанр – әдеби шығарма жанрларының бірі. Шын мәнінде бұл адресатқа белгілі бір ақпарат туралы хабарлайтын хат түрінде орындалатын мәтін. Бұл жанр адресатқа бағытталған өте ерекше сөйлеу мәнерімен дараланады. Кейбір жағдайларда адресат жалған болуы мүмкін, бірақ ол әрқашан болады. Эпистолярлық жанрдағы шығармаларды әртүрлі күнделіктерден, мемуарлар мен жазбалардан ерекшелендіретін – адресаттың болуы. Адресат бір, екі адам немесе қауым болуы мүмкін. Көркем әдебиетте бұл жанрды қолдану авторға кейіпкерлердің ең эмоционалды және қызықты бастан кешкендерін жеткізуге, кейіпкерлерін шынайы ашуға және оқырманмен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
 Эпистолярлық әдебиеттің ең алғашқы үлгілері Еуропада пайда болды. Бұл жанрда әсіресе француздар табысты болды. Олардың стилі шынайылығымен және өте қарапайымдылығымен ерекшеленді. Қарастырылып отырған жанр антикалық дәуірде пайда болған. Бастапқыда оның көркем әдебиетке еш қатысы жоқ, маңызды ақпаратпен қарапайым алмасу жолы есебінде қолданылды. Уақыт өте келе жанрдың мүмкіндіктері көбейіп, онда публицистика мен дидактиканың элементтері барған сайын айқын көріне бастады. Дәл осы ерекшеліктер ежелгі эпистолографияның ең көне үлгілерінде – Платон мен Аристотельдің хаттарында көрінеді. Оларда мораль мен мемлекеттік басқару әдістері туралы құнды философиялық ойлар қамтылды. Көркем әдебиеттегі эпистолярлық роман, эпистолярлық повесть, хат өлеңдер сынды жанрлардың пайда болауына күнделікті тұрмыстық хаттар себеп болды.
 Эпистолярлық жанр, әсіресе ХІХ ғасыр шығармаларына тән болды. Бұл кезеңде хаттар тек ақпаратты беру құралы ғана емес, сонымен қатар, кейіпкерлерді сипаттау тәсілі ретінде де қызмет етті. Тек хаттарда ғана олардың асқақ ойлары мен талпыныстары айтылып, кейіпкерлер шынайы сипатталады.
 Ұсынылып отырған зерттеуде эпистолярлық жанрдың қазақ әдебиетінде көрініс табуы мен қолданылу ерекшеліктері, даму эволюциясы кезең-кезеңмен сараланады. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттелу деңгейі қарастырылады.
 Түйін сөздер: хат, эпистолярлық жанр, эпистолярлық стиль, эпистолярлық роман, хат өлеңдер, жазба айтыс.